ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «А.Қаттани» мешітінде Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында «Менің анам-менің жәннатым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов және Әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек қажы қатысып құттықтау сөздерін айтып, бір топ аналарымыздың ерен еңбектерін елеп, алғыс білдірді.
«Әжелер мектебіндегі» ақ жаулықты апаларымыз бен «Әйел қыздар секторындағы» мешіт ұстаздары және «Шымкент Медресе колледжінің» әйел ұстаздарына мерекелік сыйлықтар үлестірілді. Өз кезегінде апалар мешіт қызметкерлеріне алғысын білдіп, ақ баталарын жаудырды.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38