1-ші Наурыз «Алғыс айту күніне» орай » Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты шарамен ҚМДБ Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Әл-Муслим» мешітінің имамы Бегайдар Қымбатовтың ұйымдастыруымен және жас блогер София Ақжол және еріктілердің қолдауымен 13 жағдайы төмен отбасыларға жалпы құны 130 000 теңгені құрайтын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жас еріктілерді мешітке шақырып Құран оқып, батасын беріп Қаламыздың бас имамының атынан алғысымызды жеткіздік.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі.