Бүгін Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына жазушы, журналист, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарманың басшысы Ханзада Есенова, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, қаладағы белгілі ақын,жазушылар мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны жүргізген ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт қолға алынған жобаның мақсаты мен міндетін, шақырылған қонақтармен таныстырып, отырыс барысында «Парасаттылық жолы» орталығының төрағасын тағайындауды ұсынды.
Сондай-ақ, шара барысында найб имамы Мұсабек Ақтамберді жуырда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет көтерген Ихсан ілімі бағыттары мен мақсаттар туралы айтып өтті.
«Парасаттылықтың қайнар көзі – қазақтың көркем әдебиеті» деген белгілі жазушы Мархабат Байғұт, осы көркем әдебиет арқылы бірлесе парасаттылықты дәріптеуде Орталық маңызды рөл атқаратындығына сенімін білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі