Шымкент қаласы, Абай ауданының бас имамы Жәміш Бердалының ұйымдастыруымен «Нұр төбе» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Қаламыздың жас кәсіпкерлерінің демеушілік етуімен өткен қайырымдылық шарада жағдайы төмен 70 отбасыға азық-түлік таратылды. Бұл шара «Қайырымдылық қадірлі іс» аясында өтті. Осы іс-шараға атсалысқан барша жұртқа Алланың разылығы болсын.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі