ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Ихсан ілімі» бағытын насихаттау мақсатында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Әл-Муслим» мешітінің найб имамы Серикулов Рахымжан Абдувахидұлы Шымкент қалалық Білім басқармасының Политехникалық колледж ұстаздары және студентттерімен онлайн конференциясына қатысты.
Конференция жұмыстары зум форматында жүргізілді. Сұқбат барысында найб имам Рахымжан Абдувахидұлы тыңдаушыларға Ихсан ілімінің мән-мақсатын, маңызын айқындап жеткізіп, Ислам дініндегі көркем мінез туралы, әдептілік туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Хәкім Абай ұғымындағы толық адам концепциясы ұғымы терең түсіндіріліп өтілді.
Оқу орнының ұстаздар мен студенттері өз тарапынан найб имамға қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Аталмыш оқу орнының ұстаздар қауымы мен студенттері бұл өткізілген онлайн конференцияның өздеріне өте пайдалы болғанын, Ихсан ілімі жайында мол мағлұмат алып, рухани нәрмен сусындап қалғандарын айтып, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына шексіз алғыстарын жеткізіп, тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтап, ізгі ілтипаттарын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі