Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның қолдауымен жарық көрген кітаптарды мешіт кітапханаларына үлестіру шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының кіріспе сөз сөйлеп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген кітаптарды аудан бас имамдарына 14 түрлі, яғни «Таухид кітабы», «Ислам дегеніміз не?», «Иманым», «Құлшылығым», «Пайғамбарым», «Мінез-құлқым», «Кітаптарға иман», «Ақыретке иман», «Пайғамбарға иман», «Қазіргі сенім мәселелері», «Тағдырға иман», «Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан жамандық және қасірет» атты кітаптар тегін үлестірілді.
Сондай-ақ, Бас мүфтидің қолға алынып отырған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» тұжырымдамасын кеңінен насихаттау барысында діни кітаптардың орны айрықша екендігіне тоқталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі