Әлемді жоқтан бар етіп жаратқан Алла Тағалаға мақтау мен мадақтар болсын. Алланың құлы әрі елшісі Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Бүгін қасиетті де қастерлі болған Жұма күні Мақтарал ауданында қызмет жасайтын имам- молдалардың мешіттерде атқарған 9 айлық есебін тыңдау үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің найб имамы Амантай Садиев арнайы келді. Сонымен қатар Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Ыбырайұлы ағамыз да арнайы жиналысқа қатысты. Жиынды Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат ашып беріп: Пайғамбарымыз (с.а.с): менің үмметім тек жақсылықта бас қосады деген, бұл жиын да біз үшін қайырлы болсын деп, жиналысты жүргізіп отырды. Содан кейін ауданымыздың басшысы, Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Ыбырайұлы сөз алып, ауданда қызмет атқарып жатқан ҚМДБ- на қарасты имамдар және молдаларға алғысын айтып, келешекте әрдайым біргелесіп қызмет жасау керектігін, сонымен қатар қазіргі таңдағы белең алған жат ағым өкілдерімен экстремистік топтармен үгіт- насихат жұмыстарын күшейту міндеттілігін айтты. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің найб имамы Амантай Садиев имамның этикасы жайлы, мешіт- жамағатпен ғана сұлу, көрікті болады. Егер мешітіңізде жамағатыңыз көп болса, ол жерде береке де көп болады. Өздеріңіз салыстырып көріңіздер, жылдың басында жамағатыңыз саны қанша болды?, ал қазір қаншаға жетті?! Өзгеріс барма?, егерде ешқандай өзгеріс болмайтын болса, онда ол елді мекен имамы не молдасы қызмет жасап жатқан жоқ деген сөз деп,- діни қызметкер барша жағдайда жамағатпен жұмыс істеу керектігін меңзеді. Осыдан кейін әр өңірдің имамдары өздері дайындаған 4 бағыт бойынша , мешіт құрылысына кеткен қаражат және ҚМДБ төл басылымы Ислам және өркениет газеті мен Иман журналына жазылу сандарын атап өтті. Есеп тапсырған имамдарға қойылған негізгі талап ол- есептік жұмыстарды нақтылау, ағымдармен жұмысты күшейту және де өз өңірлеріндегі жат, дәстүрлі емес діни бағыттағы адамдардың тізімін жасау болды.
Жиын соңында ауданымызға арнайы келген Амантай Садиев мешіт имам- қызметкерлеріне жалпы жұртшылықпен, халықпен қарым- қатынасты күшейту керектігін айтты. Ауданымыздың бас имамы Сыздықов Бекзат жиналыс барысында ауданымызға Зекет қоры бойынша Әл Құддыс мешітінің имамы Джунисов Нұрбекті бекітсе, Жастар ісі бойынша Мақтарал ауданынан Орталық «Нұғман» мешітінің найб имамы Шаймерден Бағдатты тағайындады. Жиналыс аяқталғаннан кейін естелік үшін имам- молдалармен сурет алынды.
Жиналыс біткен соң Облыстық орталық мешіттің найб имамы Амантай Садиев Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде жұма уағызын жүргізіп, намаз оқыды.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38