Ел Тәуелсіздік мерекесі күні ҚМДБ-ның Шымкент  орталық мешіті, қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен және қаладағы өзге конфессия өкілдерінің қолдауымен бірлескен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Өмірлік қиын жағдайға  түскен адамдарға әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңдалып, онда жатқан үйсіз-күйсіз жүрген азаматтарға мерекелік қуаныш сыйлау, қолдау көрсетіп, демеу беру мақсаты көзделді.

Тұңғыш қолға алынған игі шара барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров сөз алып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан сәлем айтып, тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Және аталмыш жобаға үлкен қолдау көрсеткен Шымкент қаласы, Дін істер басқармасының басшылығы алғысын жеткізді.

Жалпы,  шара барысында өзге конфессия өкілдері азық-түлікпен көмек берсе, Шымкент орталық мешіті тарапынан 50 кг құрайтын 20 қап ұн және консерв өнімдерін жеткізіп берлді.

Өз ризалышығын білдірген аталмыш мекеме басшысы:  «Орталықта үйсіз-күйсіз жүрген 179 азамат жатады, оларға бір жыл бойы тиісті қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде өз-өзіне келгенше медициналық, тәлімдік, психологиялық т.б, көмектер жан-жақты көрсетіледі», –  деді  Мұхит Нышамбаев.

Айта кету керек, алдағы жылы Шымкент қаласы, Дін істер басқармасы тарапынан бірлескен жоспар түзіліп, өзге конфессия өкілдерімен елдің бірлігі мен ынтымағына және көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілетін жоба іске асатын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38