С: Шариғаттағы жамағат намазының орны мен дәрежесі қандай?
Ж: Жамағат ер кісілер үшін бекітілген сүннет және сауабы өте үлкен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) :«Жамағатпен щқыған намаз жеке оқыған наиаздан жиырма жеті есе артық», – деген. (Бұхари мен Муслим Ибн Омардан риуаят еткен).
Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қандай да бір ауылда немесе далада үш адам болып, олардың арасында жамағат намазы оқылмаса, оларды шайтан билеп алады. Жамағаттан айрылма. Қасқыр да шетке шыққан қойды жейді», – деген. (Ахмад, Әбу Дәуіт, Нәсәилер риуаят еткен).
Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Расулаллаһ (с.а.с.): «Жаным қолында блғанмен ант етейін! Адамдарға отын жинатып, сосын азан шақыртып, біреуін орныма имам қылып қойып, сосын намазға келмеген адамдардың үйлеріне өрт қойсам ба деп ойладым», – деген екен (Бұхари риуаят еткен).
С: Имамдыққа лайықтылар кімдер?
Ж: Имандыққа сүннетті, шариғат мәселелері, намаз мәселелерін жақсы білетін кісі лайықтырақ. Бұл Әбу Ханифаның пікірі. Әбу Юсуфтың пікірінше Құранды жақсы оқитын адам лайықтырақ. Егер қырағатта қатарлас болса тақуарағы, тақуалығы қатарлас болса сүннетті берік ұстанатыны лайықты.
С: Имамдығы мәкруһ болатын адамдар бола ма?
Ж: Иә. Құлдың, бәдәуидің, пасықтың, дәретке мұқият бола алмайтын соқырдың, зинадан туған баланың имандыққа шығуы мәкруһ. Мәкруһ болса да ондай намаз дұрыс болып есептелінеді.
С: Жамағат намазға қатысу үшін мешітке әйелдердің келуі дұрыс па?
Ж: Әйелдерге жамағат намаздарға қатысу мәкруһ. Олар үшін үйлерінде оқыған абзал. Әбу Ханифаның пікірінше жасы келген егде әйелдің қарапайым киініп таң, ақшам, құптан намаздарына келуіне болады. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірлерінше ондай әйелдің барлық жамағат намаздарына қатысуына болады.
С: Әйелдердің жамағат болып намаз оқуының үкімі қандай?
Ж: Әйелдердің жиналып, жамағат болып намаз оқулары мәкруһ іс. Егер ондай болған жағдайда имамдыққа өткені алға шықпай, орталарында тұрады. Киімдердің болмаған ер кісілердің жамағатпен намаз оқығандығы имамы сияқты болады.
С: Имаммен бірге бір ғана адам болса, ол ұюшының имамның қай жағында тұруы керек?
Ж: Имамның оң жағында тұрады. Басқа адам келсе имамды ортаға жылжытады.
С: Бір әйел ер кісіге ұйыса қалай тұрады?
Ж: Имамның артында тұрады.
С: Имамға ұюшылар ерлер, әйелдер, балалар болса қалай реттеліп тұрулары керек?
Ж: Бірінші ерлер, одан кейін балалар, онан кейін еркекшоралар, онан кейін әйелдер тұрады.
С: Ұюшының үкімдері қандай?
Ж: Ол мынадай:
1. Парыз намазын оқуға ниеттенген адам сол парызды оқып жатқан кісіге ұюына болады. Егер біреу бесінді, ал екіншісі екінтіні оқыса немесе біреуі бүгінгі бесінді, екіншісі кешегі бесінді оқыса болмайды.
2. Тәйәммум алушының дәрет алушыға ұюына болады.
3. Мәсіх тартушының толық дәрет алушыға ұюына болады.
4. Түрегеп тұрып намаз оқушының ауруы себебінен отырып оқушының артында намаз оқуға болады.
5. Рукуғ, сәжде жасай алатынның ишаратпен оқитынның артына ұюына болмайды.
6. Нәпіл оқушының парыз оқушыға ұюына болады.
7. Керісінше, парыз оқушының нәпіл оқушыға ұюына болмайды.
8. Үзірсіздің үзірліге ұюына болмайды. Мәселен, кіші дәреті тоқтамайтын адамға дені сау адамның ұюы дұрыс емес.
9. Таза, сау әйел истихаза қаны бар әйелге ұйымайды.
10. Сауатты қари сауатсызға ұйымайды.
11. Киімі бар жалаңаш адамға ұйымайды.
С: Бір кісіге ұйығаннан кейін ол кісінің дәретсіз екендігін білсе не істеуі керек?
Ж: Мұндайда намазды қайта оқу керек.