ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақ даласына көптеген саяхатшылар, зерттеушілер, этнографтар келді. А.Померанцев, К.Щенников, С.Дудин, П.Кошарев, Н.Нехорошев секілді зерттеушілер арнайы экспедициялар ұйымдастырып, қазақтың тұрмыс-тіршілігін суретке түсіріп һәм бейнелеп тарихта қалдырды. Соның бірі – Самуил Дудин.
Ол 1899 жылы сол кездегі Семей облысы Павлодар уезi Баянауыл аймағында болып, қазақтың діні мен дәстүріне қатысты көптеген фотоколлекцияларды дүниеге әкелді. Дудиннің Ресей ғылым академиясына қарасты Антропология және этнография музейінің (Кунсткамера) иллюстрациялар қорында сақталған коллекцияларының бірсыпырасын өздеріңізге ұсындық…
Бала оқытып отырған мұғалім. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Намаз алдындағы дәрет алу. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Қол сүрту. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Даладағы намаз. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Дәрет алуға арналған бұқар және ауған құмандары. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Құрбан шалу алдындағы көрініс. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Ауқатты адамның киіз үйі. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Ауқатты адамның отбасы. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Сандық, кебеже және басқа да бұйымдар. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Әйелдің көйлегі мен кимешегі. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Әйелдер мен балалар. Киіз үйдің жанында. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Қой сауып жатқан әйелдер. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Ет асып жатқан әйел. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Әйелдер алаша тоқып жатыр. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Ши тоқып жатқан әйел. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Ұзатылғалы жатқан қалыңдық киімі. Басындағы қымбат сәукеле. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Асық ойнап жатқан балалар. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Қазақтың ер-азаматтары. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Домбырашы. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Қолына лашын қондырған салт атты кісі. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Саятшы. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Бәйгеге қатысқалы тұрған жүйрік тұлпар. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Зергер. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Етікші. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Қырықтық басталды. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Көш жүгін артқан түйе. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл
Саумалкөл жағасындағы Апақ мазары. Авторы – С.Дудин, 1899 жыл.
Дайындаған Серікбол ХАСАН