Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Түркістан облысы, Сайрам ауданының Арыс ауылында жаңа құдық пайдалануға берілді.
Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ел игіліне құдық қазып, су шығарып үлес қосқан азаматтарға ризалығын білдіріп, бұл істің үлкен сауапты амал екендігін айрықша атап өтті.
Құдықтың тереңдігі – 130 метр. Бұл ауылдың бұл аймағында су жоқ болатын. Енді, бұл құдықтан су ішугеде және мешіт ауласындағы бақша өнімдерін суғаруғада болады. Айта кету керек, құдық қазу жұмысына «Арыс» мешітінің ерікті жамағаты демеушлік жасады.
Игі шараға қатысқан ауыл ақсақалдары үлкен сауапты іске бастамашы болған Діни басқарманың басшылыған ризалық танытып, алғыстарын білдірді.