Қасиетті Құрбан айт мерекесінде аудандық спорт мектептерінің ұйымдастыруымен бірнеше іс – шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, «Шардара» аудандық орталық мешітте қол күресі, кір тасын көтеру, асық ату және арқан тартудан жарыстар ұйымдастырылса, қаладағы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінде арқан тарту мен асық атудан сайыстар өтсе, «Әл Фаттаһ» мешітінде кір тасын көтеру және қол күресі бойынша жастар бақ сынады.
Айт намазы оқылып болғаннан кейін ұйымдастырылған іс – шараны тамашалаушы көрермендер көп болды. Мешіттерде өткен спорттық сайыстарға жалпы 470 спортшы қатысып, өнер көрсетті.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы сый – сияпаттар мен грамота, медальдар табыс етілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі