С: Намаздың дұрыс болуы үшін керекті шарттар қандай?
Ж: Намаз оқу үшін:
1. Намаз оқығанда екі хадестен таза болу.
2. Денесі нәжістерден таза болу.
3. Намаз оқитын жері таза болу.
4. Әуретін жабатын таза киім киюі. Әуреті ашық немесе киімі нәжістен таза болмағанның намазы қабыл болмайды.
5. Әр бір намаздың өз уақытында оқылуы. Уақытынан ерте оқуға болмайды.
6. Құбылаға қарап оқу.
7. Намазға ниетпен кіру. Бұл ниет пен алғашқы такбирдің арасында үзік болмау тиіс. Қандай намаз оқитынын жүрегімен анықтауы қажет. Оны имамға ұюшының да анықтауы қажет.
С: Бір кісінің киімі ластанып, оны тазартатын нәрсе таба алмаса не істеуі керек?
Ж: Басқа шарасы болмаса сол лас киімімен оқи береді. Намазы дұрыс болып саналады, қайталап оқымайды.
С: Әуретін жабатын киіп таба алмаған адам намазды қалай оқиды?
Ж: Егер тұрып рукуғ, сәждемен жасап оқыса болады. Бірақ адамдардың көзінен таса жерде отырып, рукуғ пен сәждеге ишаратпен оқығаны дұрыс.
С: Ер кісінің намазда жабылып тұрылуы тиіс әурет жерінің ең аз мөлшері қандай?
Ж: Ер кісінің әуреті кіндік пен тізе аралығы. Тізе де әурет болып есептеледі.
С: Әйелдің әуреті қандай?
Ж: Егер азат әйел болса намаз оқу үшін бет-жүзі, алақандары мен аяқтарынан басқа барлық жері әурет саналады (бұл намазда, ал басқа уақытта бөтен еркектің алдында бетін ашуына болмайды). Ал, күңнің әуреті ер кісінің әуретіне ұқсас, бірақ мұнда арқасы мен кеудесі қосылады. Қалған жері әурет емес.
С: Намаз оқушы жыртқыш аң т.с.с нәрселерден қорқып, құбылаға қарай алмаса не істеуі керек?
Ж: Бұрыла алған жағына қарап оқиды.
С: Намаз оқушы құбыланы таба алмаса және сұрайтын ешкім болмаса не істеуі керек?
Ж: Құбыланың қай жақта екенін жобалап іздеп көріп, өзі болжаған тарапына қарап оқиды.
С: Егер осылай оқып, намаз аяқталған соң болжамы дұрыс болмай шықса намазын қайта оқи ма?
Ж: Жоқ. Қайталап оқымайды.
С: Егер қателескенін намаз оқып жатқанда білсе не істеу керек?
Ж: Құбылаға бұрылып, намазын аяқтайды. Қайталап оқудың қажеті жоқ.
Ескерту:Мешіт Харамның ішінде болған адам Қағбаға қарап оқуы тиіс. Ал, басқа жерде оқушы Қағбаның өзіне емес, жалпы Мекке тарапын бағытқа алады.