SAM 892

 SAM 892

Арыс қаласына жаңа тағайындалған әкімі Мұрат Болатұлы 10 қыркүйек күні қала әкімшілігінде қала,ауыл имамдарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты имам- молдалармен жақсы қарым- қатынаста болу және бірге ат салысу,мешіт қызметкелердің пікір ұсыныстарын тыңдау. Жиналыста алғашқы сөз бастаған қаланың бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы қала акімін жаңа келген қызметіне құттықтау жасап, Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Менің үмметім тек жақсылықта бас қосады»- деген хадисін айтып, біздің де бұл отырысымыз берекелі болсын дей келе аудандағы барша мешіт имам- молдаларымен таныстырып қаладағы діни ахуалға тоқтала келе мешіттер тарапынан атқарылып жатқан ісшараларды атап өтті. Одан кейін қала әкімі Мұрат Болатұлы сөз алып, мешіт имамдарына халықпен бірге етене араласу керектігін және сіздерде үлкен күш бар, ол бірлік деген, сол күшті барынша ел игілігі үшін пайдалану керектігін айтты. Сонымен қатар бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы қазіргі уақытта барша мешіттерде құжаттарды түгел рәсімделуі жүріп жатқанын айтып, бір неше ұсыныстар айтты. сөз соңында мешіт имамдары қала әкіміне өз сұрақтарын қойды .қала әкімі қойылған сұрақтарға келешекте өз шешімін табатындығына сенім білдірді.

Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі

 SAM 891

 SAM 892

 SAM 893

 SAM 894

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38