Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін мешіттерде атқарылатын шаралар туралы, құлшылық үйіне келуші азаматтарға қойылатын талаптар жайында баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір кешін үйде өткізуге шақырды.

«Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара» деп атап өтті Бас мүфти. 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38