SAM 787

 SAM 787

ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы аясындаШардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияровтың қала имамдарымен өткізген кезекті жиналысында имамдарға «Мектепке жол» атты акцияға атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған жасөспірімдер мен жетім балаларға қол ұшын созу тапсырылған болатын.Балаларын жетектеп келген ата-аналар алдында «Шардара» орталық мешіттің бас имамы А. Данияров құттықтау сөз сөйлеп, барша қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ислам дініндегі оқу, білім алу турасында айтылған өсиеттерге, дана бабаларымыздың сөздеріне тоқталып, тұщымды уағыз айтты.
Соған сәйкес Шардара орталық мешіті, Әбу Мансур әл-Матуриди, Аль-Фаттаһ, Алатау батыр мешіт имамдарының ұйытқы болуымен демеушілер арқылыжаңа оқу жылы қарсаңында қала, ауылдағы аз қамтылған 35 отбасы балаларына мектеп сөмкелері таратылды. Әлбетте әрбір сөмкеде оқу құралдары (дәптерлер, қалың дәптер, оқушы күнделігі, қаламсап, әртүрлі қарындаштар, ұштағыш, өшіргіш, т.б.) толтырылған. Бұл шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасын таппақ.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

 SAM 786

 SAM 787

 SAM 789

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38