«Осы ретте уақытпен санаспай, науқас жандарға медициналық көмек көрсетіп жүрген дәрігерлерге, қауіпсіздік шараларының алғы шебіндегі Ішкі істер және Қорғаныс саласының қызметкерлеріне, халыққа объективті ақпарат таратып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалып жүрген барша ерікті азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!»
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.