Республикалық «Жасыл Қазақстан эко-шарасының және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына байланысты Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты әр мешіт 30 түп ағыш отырғызу шарасын ұйымдастыруда.
Эко-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, іс басқарушы Абай Қамбар және «Жастар секторы», «Зекет қоры» т.б. мешіт жанындағы ерікті топ мүшелері белсенділік танытты.
Жалпы, бүгінгі таңда, Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты 106 мешіттердің қолға алуымен 3147 дана шырша, жеміс көшеттері және де 1551 түп раушан, қызғалдақ т.б. гүл көшеттері отырғызылды.
Бұл игілікті іс-шара алдымыздағы сәуір-мамыр айларына дейін жалғасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі