Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласы орталық мешітінен шариғат һәм пәтуа мәселелеріне арналған «Call-Center» орталығы ашылды.
Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей мұрындық болып, арнайы бөлме жабдықталды.
Жаңадан ашылған «Call-Center» орталығына жетекшілік ету жұмысы Дастан Желеуовке міндеттелді. Оның құрамына тұрақты діни сұрақтарға жауап беретін ЖАНТ мүшелерінен құралған білікті 16 имамды бекітті.
Орталықтың негізгі мақсаты – ҚМДБ тарапынан шығарылған пәтуалар мен шешімдерді дер кезінде жеткізіп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру болып саналады. «Call-Center» орталығының байланыс нөмірі +7084784872. Осы нөмірге WhatsApp желісі арқылы сауал жолдауға болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38