Ата-ананың қадірі Отбасы – қоғамның негізгі бөлшегі. Отбасындағылар бір-бірінің жеке құқығы мен міндеттеріне қаншалықты құрметпен қараса, қоғам да соншалықты берік болмақ. Ислам діні отбасыға перзент бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ ретінде қарайды. Ұрпақтың жалғасып, олардың баянды өсіп-жетілуі ата-анаға тікелей байланысты.