SAM 730

 SAM 730

Қазығұрт ауданында «Ырыс алды-Ынтымақ» форум жиыны өтті. Келелі жиынға Аудандағы форум мүшелері, ардагерлер, жастар қауымы, әжелер-аналар алқасы, халық қалауылары, мешіт имамдары, мекеме басшылары, ҚҚО қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Форум «Дін және дәстүр» сабақтастығы және «Аудандағы діни ахуал, жастар болашағы жайлы» тақырып аясында кеңінен пікірлесіп, жоспарлау және жүзеге асыру жайлы нақты ұсыныстармен, пікірлер айтылды. Аудан әкімі Телғараев Төлеген Тұртайұлы сөз алып тақырып аясында кеңінен баяндама жасады. Сондай ақ жарыс сөзге, ҰОС ардагері ауданның төбе биі Иса Телікбаев, Еңбек ардагері Төле Ағабеков, ҚМДБ-ының ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбай, аудан бас имамы Е.Полатов, Жаңабазар ауылы ардагер кеңесінің мүшесі Өнер ата, Әжелер алқасы төрайымы,аудандық маслихат хатшысы Ө Көпеевтер мінбеге шықты.
Жиын барысында тақырып аясында көптеген сұрақтарға жауаптар берілді. Жат ағымдардан сақтандыру бойынша алдын алу жұмыстары бойынша ақпараттық насихат топ мүшелері жаңарып, осы жұмысқа аудандық маслихат депутаттары енгізілді. Салт дәстүр мәселесі жайлы, оны дәріптеу, түрлі іс шаралар ұйымдастыру сияқты жұмысты жандандыру қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар той томалақтарды тәртіпті бір ізділікке, азалы жағдайларды аста төкке жол бермеуге жұмыла түсіндіру жұмыстарын ретке келтіру. Дәстүрлі мерекелерімізді ауқымын кеңейтіп, оған жастар қауымын көптеп тартып, айт мерекелерін ҚМДБ-ының мешіт қызметкерлерін тарта отырып, бірлесіп «Дін және Дәстүр» сабақтастығына сай өткізіліп жатқан дәстүрлі шараларына үлесімізді қосып, жастарға үлгі боларлықтай, тәрбиелік сипатта өткізу қажеттілігі айтылды.

Қажылық сабағы
Қазығұрт аудандық орталық мешітінде 25 шілдеден аптаның сәрсенбі және сенбі күндері қажылыққа баратын және келешекте баруды ниет етіп жүрген азаматтарға қажылық курсын өткізуде. Биылғы жылы қажылыққа баратын аудан орталығынан 5 азамат және ниет білдіруші 4 азамат қатысуда. Сабақты орталық мешіт наиб имамдары жүргізуде. Қажылық сабағы 25 тамызға дейін жалғасын табады.

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

 

 SAM 730

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38