Шымкент қаласы облыстық орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығының ұйытқы болуымен жаз бойы оқыған шәкірттер арасында ынталандыруға арналаған футболдан турнир өткізілді.
Шара барысында облыс имам орынбасары Еркебұлан Қарақұлов және ұстаз Нұрлан Бахытжанұлы жетекшілік етіп, төрелік етті. Жарысқа діни сауат ашу курстанда тәлім алған 67 шәкірт қатысты.
Жарыс соңында дастархан жайылып, шәкірттерге сый-сияпат үлестірілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі