Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Бас мүфти лауазымына сайланған Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтады. Сонымен қатар, қала басшысы ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай Бас мүфти бастаған барша мүфтият ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, игі тілегі мен ізгі ниетін жеткізді.
Екіжақты кездесуде қаладағы діни ахуал, мешіт тарапынан атқарылып жатқан қайырымдылық шаралардың маңызы сөз болды. Сонымен қатар, дінаралық достық пен келісімді арттыра түсудің мәні мен маңызы айтылды.