Белгілі дінтанушы-ғалым, РАНТ мүшесі Әбдімүтәліп Дәуренбеков Шымкент қаласына ресми іс-сапармен келді.

Сапар аясында Әбдімүтәліп Қайназарұлы Шымкент қаласы орталық мешітінде  болып, «Намаз – ұлық ғибадат» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Жұма намазы алдында Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев дінтанушы-ғалымды жамағатқа таныстырып, Діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Айта кетсек, Әбдімүтәліп Қайназарұлы қаладағы бірқатар жоғары оқу орындарындағы кездесулерге қатысуда.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38