dav

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласы Жастар ісі секторы қалалық №3 Жетімдер үйінде  тәрбиеленуші бүлдіршіндермен «Жетім көрсең- жебей жүр» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Арнайы кездесуге Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев пен Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков бастағаған «Еріктілер» тобының мүшелері арнайы қатысты.

Кездесу барысында арнайы дастархан жайылып, оларға асыл дініміз бен рухани құндылықтарымыз жөнінде түсіндірілді.

Сондай-ақ, жас бүлдіршіндерге орталық мешіттің жас азаншысы Ақназар қажы Маратұлы мұсылманша азан айтып, бүлдіршіндерге есімдерін қойды.

Ал қалалық «Әйел секторының» жетекшісі бастаған әйелдер қауымы кішкентай бүлдіршін қыздарымызға имандылық, әдептілік дәрістерін жүргізді.

Бұл шара аталмыш мекеме басшылығы тарапынан үлкен қолдау тауып, алдағы уақытта ай сайын тұрақты өткізілетін болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38