Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешовтың ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті. Тізімде тұрған 110 асыраушысы жоқ, көп балалы, кембағал әйелдерге азық-түлік берілді.
Игі іске кәсіпкер Бегалы Рысбаев демеуші болды. Біраз бұрын мешіттің еденін жаңалап берген, ол, енді жамағатқа арнап бастырма салып беруге ниет білдіріп отыр. Бегалы Шералыұлы Алланың үйіне қарасып келе жатқан жомарт азамат. Қайырымдылықтың қайырын көріп келе жатқанын айтады. Көмек алған аналар кәсіпкерге ризашылықтарын білдірді.