Aksham uagizi

Aksham uagizi

Жуырда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың «Ақшам уағызы» атты кітабы жарық көрді.
Кітап жазуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің барлық мешіттерде бесін және ақшам намазы кезінде жамағатқа 5-10 минут көлемінде уағыз айту жөніндегі нұсқауына орай дайындалды.
Сондай-ақ, кітапқа түрлі тақырыпқа арқау болған қызықты уағыздар, жұма, неке, мәуліт және екі айт хұтбалары енгізілген.
Осы орай, кітап ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптасының оң қорытындысы берілген.
Жалпы, кітапты авторының қаламынан «Ғибратнама», «Уағыз», «Бесін уағызы», «Дінбасы», «Әл-Фараби өсиеттері», «Абай өсиеттері», «Мұхтасар», «Намаз үйренейік», «Дін және дәстүр» т.б. кітаптары мен бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген. Кітап мешіт имамдары мен дінсүйер қауымға арналған.
Кітап құтты болып, оқырманы көп болғай.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Aksham uagizi

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38