Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жергілікті ақпараттық -насихат тобының кезекті мәжілісі болып өтті.
Оған облыс имам орынбасары Амантай Садиевтың жетекшілігімен жергілікті ақпараттық-насихат тобының атқарған жұмыстарының есебі алынып, атқаратын жоспар жұмыстары пысықталды.
Мәжіліс барысында жеке кездесулердің сапалы һәм сауатты өткізілу жәйі, кереғар ағымдардың алдын алу үшін жоспарлы түрде жұмыстарды кезең-кезеңімен өткізу, мәліметтерді ай сайын беріп отыру мәселелері сөз етілді.
Мұнымен қатар, дәстүрлі емес бағыттағы азаматтармен жұмыс барысында ішкі саясат басқармасы мен діни істер басқармасы бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігі ескертілді.
Сондай-ақ, алдағы қыркүйек айынан бастап, осы топ мүшелерінің тәжірибелерін дамытуға арналған қысқа мерзімді семинарлар өткізу көзделуде.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі