ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Рамазан – мейірім айы!» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Аталмыш шара барысында өкіл имам орынбасары Бекайдар Әміре, Бақдаулет Абдурахманов, Мұхамеджан Естеміровтар және «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы уағыз айтты.
Қайырымдылық шарасы барысында тұрмысы төмен отбасы 200 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда бір қап ұн, 10 кг қант, 10 кг күріш, 10 кг макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдікмайы т.б. Жалпы, жұмсалған қаржы көлемі екі миллион теңгені құрады.
Айта кету керек, игі істерге куә болған көпбалалы аналар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретке алғыстарын жеткізіп, ризалықтарын білдірді.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша қайырымдылық бағыттағы жұмыс нәтижесінде Оразаның 22 күндігінің есебі бойынша 5500 отбасыға қайырымдылық көмек берілді.
Қолдау білдірген азаматтарға Алла разы болсын! Рамазан керуеніне үлес қосуға шақырамыз!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі