«Жастар және руханият». Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде аймақтық форум болып өтті. Жастардың діни сауатын арттыруға бағытталған шараға еліміздің әр қиырынан дін саласының мамандары қатысып, тағылым түйер пікірлерімен бөлісті.
Діни экстремизмге қарсы күрес мәселесі Елбасы мақаласында да айтылды. «Ұлттық сипат пен сананы жаңғыртуды бағдар етіп, дін мен дәстүрдің құндылығын насихаттауымыз керек»,- деген еді, Нұрсұлтан Назарбаев. Ал, бүгінгі шара бабалардың асыл сөзін сапалы түрде санаға сіңіріп, діни сауаттылықты арттыруға арналды.
Азамат Әбдікерімұлы – Шымкент қалалық мешіт жанындағы жастар ісі бөлімінің жетекшісі
Бүгінгі шарадан түйер тағылым көп. Жастардың діни ағымдардың жетегінде кетпес үшін әрқашан олардың білімін жетілдіріп отыру қажет…
Жиында жастар санасына діни құндылықтарды ұғындыру үшін келгендер кезегімен сөз алды. Дін тарихы мен ғұламалар еңбектері туралы пайымды пікір білдіргендердің бірі – Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамит мухаммад ал Жинди. Нұр-Мүбәрәк Египет – Ислам мәдениеті университетінің ректоры имам Матурудидің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Ұлағатты ұстаздың қазақ жастарына берген бағасы жоғары.
Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамит Мухаммад ал-Жинди – Нұр –Мүбәрәк Египет Ислам университетінің ректоры
Қазақ жастары өте жанашыр, отансүйгіш қабілеттері жоғары болып келеді. Олардың ғылым-білімге деген ұмтылыстарынан Қазақстанның болашағының жарқын болатынын сеземін… Олар дінге өте таза. Абу Ханифа және Матуруби ілімін білуге құштарлықтары мені қатты қуантады…
Қазақ қоғамының бүкіл тарихын таразылайтын болсақ: қоғамның қалыптасып, дамуына қатысты көптеген құбылыстардың болғаны ақиқат. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің беки түсуі үшін тарихи тұрғыдан руханият дүниеміздің түгенделуіне де бей-жай қарамау ләзім.
Алау Әділбаев – ҚМДБ Түркістан қаласындағы кеңсесінің басшысы
Биыл елімізде жастаы жылы деп жариялануына байланысты. Бізде ҚМДБ әр кезеңде жастармен жүйелі жұмыс істеуге барынша күш жұмсап жатырмыз.. Бүгінгі аймақтық форумда біз көп нәрсені айтамыз оның ішінде діни экстремизмге қарсы іс-шаралар…
Дін. Ұстай алсаң, қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің. Әгәраки, жастар жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс. Біз, Қазақ жастары! Барша қазақстандықтарға сапалы, бәсекеге қабілетті діни, білім беруде ұлттық құндылықтарымызды зайырлы біліммен сабақтастыра отырып, түсіндіреміз! Шара соңында жастар осы сарындағы ұрандармен үндеу қабылдады.Г