Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан жас шәкірттер арасында сайыс өткізілді.
Жарысты «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан Назаров пен найб имамы Манас Құрбанбековтердің бастамасымен екі ай бойы жалғасып, қорытынды сайыс жария еткен болатын.
Нәтижесінде «Ең көп сүре жаттау» және «Сұрақ-жауап» атты екі аталым бойынша бақ сынаған шәкірттер арасында 1-ші орынды Мұхтар Өсербаев, 2-ші орын Әзіретәлі Байзақ, 3-ші орын Аяна Жаулан ие болды.
Жарыс жеңімпаздарына мешіт тарапынан велосипед пен арнайы алғыс хаттар табыс етілді.
Айта кету керек, осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі