ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында (ДСАК) тәлім алып жүрген қыз-балаларды ынталандыру шарасы ұйымдастырды.
Өздеріңізге белгілі, соңғы кездері мешітке келіп, діни біліктілігін арттыруды мақсат еткен жастарымыздың саны артып келеді. Бұл өз кезінде жастардың түрлі теріс ағымдар мен өзгеде кереғар әдеттерден арылуға сеп болады.
Осы мақсатты негізгі алған мешіт имамы әрі қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың бастамасы аясында игі шара қолға алынып отыр.
Дәлірек айтқанда, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып, нәтижесінде Құранды өздігінен оқи алатын шәкірттерге ынталандыру, жігерлендіру үшін арнайы сыйлықтар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі