ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани»  мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық мәселелері арналған басқосу жиыны болып өтті.

Басқосуға Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдурахманов, қалалық Халал Даму бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев және қалалық «Әйел-қыздар» секторының мүшелері қатысты.

Басқосу аясында жылдық  іс-шаралар жоспарына сәйкес, қасиетті Рамазан айында атқарылатын негізгі жұмыстар пысықталды. Оның ішінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қыздар арасында «Құран Кәрім», «Хадис тағылымы», «Мақал-мәтел айту» және  «Алла Тағаланың 99 көркем есеп-сипаттары»  атты жарыс ұйымдастыру т.б.мәселелері қаралды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38