logo OKO

logo OKO

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 12 шілде күні өткен «Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары» облыстық форумына қатысушылардың қабылдаған
ҚАРАРЫ

1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық қала, аудан, ауыл, кент, поселке имамдарына келесідей жұмыстардың жүргізілуі тапсырылады:

– ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің 4 бағыт (Уағыз-насихат жұмыстары.Діни сауат ашу, ағарту жұмыстары. Кереғар ағымдармен жұмыс. Қайырымдылық.) бойынша берілген тапсырмасына сәйкес жұмыстарды жандандыру;
– діни экстремизм мен терорризмнің алдын алу шаралары бойынша кешенді кездесулер мен семинарлар ұйымдастыру, кереғар ағымдар жетегінде кеткен азаматтармен жеке кездесулерді тұрақты һәм жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу;
– РАНТ мүшелері мен ЖАНТ жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру;
– мешіт жанынан құрылған жастар ісі бөлімдерінің жұмыстарын күшейту;
– облыстық, қалалық, аудандық мешіттер жанынан құрылған зекет қорларының жұмыстарына атсалысу, оларды кеңінен насихаттау жұмыстарын қолға алу;
– «Дін және тарих тағылымы» және “Дін мен дәстүр” жылы аясында уағыз-насихаттарды салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен сабақтастырып, ұштастыра отырып үйлестіру;
-жергілікті телеарналардан шығатын діни хабарлардың жұмыстарына атсалысу, қатысу;
– Астана қаласында өткенІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжаттарын кең көлемде насихаттау, жұмыс барысында басшылыққа алу;
– 2016 жылғы 25 шілдеден бастап барлық қалалық, аудандық мешіттерде Мекке, Мадина қалаларына қажылық сапарының ұйымдастырылуы бойынша арнайы курстар өткізу;
– Бас мүфтидің әр имам кемінде 5 шәкірт тәрбиелеуі қажет деген тапсырмасының аясында мешіттер жанынан тұрақты жұмыс істейтіндіни сауат ашу курстарын ұйымдастыру;
– тұрақты түрде мешіт имамдарының күнделікті 5 уақыт жәнеәрбір жұма намаздары барысында мешітте болып, намаздардың уақтылы әрі сапалы өткізілуін қамтамасыз ету;
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ұсынып, бекітілген киім үлгілері мен қызметтік этика, жұмыс кестелері, тәртіп, шаруашылық жүргізу, мүліктерді сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;
– аудан, қала, ауыл, кент имам, молдаларының қызмет барысында ұялы телефондарын сөндірмеуі;
– Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес, мешіттерге өрттің алдын алу және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында өрт сөндіргіш құралдарын орнату, мешіт құжаттарын реттеу, діни басқарма меншігіне өткізу жұмыстарын қолға алу;
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан шығатын «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуды ұйымдастырып отыру және оларды халық арасында зиялы қауым алдында, жастар арасында насихаттау;
– Алматы қаласындағы ҚР Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтына тұрақты қатысып, діни білімді ұдайы шыңдап отыру, оған барлық дін қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастыру.
2.Жоғарыда аталған мәселелердің орындалуын бақылау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің найб имамдарына және қала, аудан бас имамдарына тапсырылады.

12.07.2016 ж.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38