Шымкент. 4 наурыз. SHARIGAT.KZ – ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттердің бастамасымен қос мереке алғыс айту күні мен ережеп айының келуіне орай ұлттық спорттық шара ұйымдастырылды.

Мереке аясында Қаратау ауданы, Сайрам ауылына қарасты мешіт жамағаты мен өзбек ұлтының өкілдері арнайы дастархан жайып, ұлттық ойын түрлерінен (кір көтеру, арқан тарту) жарыс өткізілді.

Сондай-ақ,  Шымкент қаласына қарасты мешіттердің «Ақмешіт», «Абай», «Әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында футбол ұйымдастырылды.

Шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38