Бүгін Шымкент қаласы 55652 әскери бөлімі – авиациялық базасында әскери қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамымының орынбасары, наиб имам, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.
Ұ.Алиакбарұлы кездесу барысында деструктивті діни ағым мүшелеріне тән белгі-сипаттар, олардың алдын алу және қарсы тұруға иммунитет қалыптастыру жөнінде сөз қозғады. Жат ағым мүшелерінің әлеуметтік желілерді де қолданатындығы айтылып, өз телефоныңызды, балаларыңыздың телефондарындағы әлеуметтік желілерде тіркелген аккаунттарды бақылау керектігі, өз қауіпсідігіміз үшін жасалатын шаралардың бірі әрі керағар ағымдарға қарсы тұра білудің алғы шарттары екендігі түсіндірілді.
Кездесу соңында набим имам тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.