13 жасар Ағабектің үйінде қоныс той.
Бүгін Шымкент ұаласында Мəртөбеде (Красноводск), ОН ҮШТЕ БАСПАНА ИЕСІ атанған АҒАБЕК балапанның үйінде, мейірімді жүректер жиылып, қоныс той дастарханына ҚҰДАЙЫ ТАМАҚ берді. Көмек қолын созғандар арасынан, Дубайдан қаражатын жіберген жандар да арнайы ұшып келді. 300-ге жуық адам ақ тілегі мен ақ көңілін жеткізіп жатты. Міне, біздің қамқор елдің АЗАМАТТАРЫ ЖЕТІМІН ЖЫЛАТПАДЫ! Бақытты етті. Еске сала кетейік, Ағабек есімді мектеп оқушысы, жалға алып тұрған пəтерде, ауру Анасын бағып, титімдей қарындастарына күнде тамақ əкеп беретін. Ол темір жинап өткізіп жүрген. Аяғына жаздық сланцы’ды нəскимен қабаттап қар кешіп… Мейірімді жандар естіп бей-жай қалмады. Бұл шаңырақта СƏБИ КҮЛКІСІ ЕСТІЛІП тұрмақ. Бақытты бол балапан!!!
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып құран оқып, бата жасады.
Ақпарат Ж.Тулендиеваның фейсбуктегі парақшасынан алынды.