ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты зекет қорының ұйымдастыруыменен, Шымкент қаласы Абай ауданының «Дінислам» мешітінде жеті отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көмек берілді.
Іс-шараға зекет қорының өкілі Әзімбаев Айбек және мешіт қызметкерлері қатысты. Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған кәсіпкер азаматтарға да алғыстарын айтып жоғары көңіл күймен тарқасты.