Шымкент қаласының  Қаратау ауданы аумағына қарасты  «Достық» шағын-ауданындағы тұрмысы төмен бірнеше отбасыға көмек көрсетілді. Бейбіт Қанхожаев есімді кәсіпкер төрт шаңыраққа тоңазытқыш, кір жуатын машина жəне азық-түлік сыйлап, қуантып қойды.  Балаларына жаңа жылдық тəттілер тарту етті.

Бұл туралы Қаратау аудандық əкімдігі əлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Садақа – адамның несібесін еселеуге сеп болады. Сауабы да мол амал. Садақа берген жанның берекесі кіреді, дүниесі көбейеді. Бай болам десеңіз қиналғандармен бөлісіп, мол дəулетке кенеле беріңіз.

Алла жомарт жандардың садақа, зекет, жақсылықтарын қабыл етсін!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38