ШЫМКЕНТ:  Өкіл имам «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің жамағатымен кездесті

           ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы бастаған бір топ қызметкерлер Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің жамағатымен кездесті

  Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертай, Ұлықбек Әлиакбарұлы, мешітінің Алқа мүшелері мен мешіт жамағаты қатысты.

Кездесу барысында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев жамағатқа Тәуелсіз еліміздің болашағы жөнінде әңгімелеп берді.

Мұнымен қатар, мешіт имамы Бекайдар қажы Төлжанұлы мен сала бойынша жауапты қызметкерлеріне алдағы уақытта мешіттердегі уағыз-насихат, діни сауат ашу курстарын дамыту туралы нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38