Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, барша Қазақстан халқын ұлттық мерекемізбен құттықтады. Президент азаттықтың 27 жылы ішінде еліміз өзінің даму жолында зор жетістіктерге жеткенін, әсіресе, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихында жас астанамыздың маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Көлік-логистика инфрақұрылымына тартылған инвестицияның арқасында Қазақстан құрлықтық маңызы бар транзиттік хабқа айналды. Тәуелсіздік жылдары табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 15 есе азайып, ал нақты еңбекақы 4 есе артқан.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын, «Астана хаб» ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін және Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын іске қосу жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне назар аударды. Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттырып, әлемдік аренада еліміздің беделін арттыру үшін болашақта әлі талай жұмыстар атқаралатынын атап көрсетті.