Жомарт жан 200 отбасыға көмек көрсетті
Аталмыш шара Шымкент қаласы «Айтбай ата» мешітінде ұйымдастырылды.
Қайырымдылық – қайырлы іс. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкенттік жеке кәсіпкер тұрмысы төмен, көмекке зәру 200 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті. Мұқтаж жандарға азық-түлік таратып, кілем берді. Кейбіріне қаржылай қолдау көрсетті. Еңбектің ебін, кәсіптің көзін тапқан Саухан Аташбекұлы игілікті ісін әлі де жалғастырмақ ниетте.