Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласымен таныстық. Тақырыбының өзі –ақ «Мен қазақпын» деген адамның делебесін қоздырып, ұрпақбойына бабалар рухының асыл болмысынқұйып жібергендей әсерде болдық. Біздің мұндабәріміз мақтаныш ететіндей көнеден кележатқан бүкіл әлемге танымал мәдениетіміз, тарихымыз болғаны айтылған. Оныңжастар санасын жағыртары сөзсіз. Біздің өркениетіміздің алғы кезеңдегі дамуының көкжиегін жүйелеп,алғы міндеттерімізді де көрсетіп берген.
Осыдан бір жарым жыл бұрын Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалықмақаласы жарыққа шығып, бүкіл еліміздің руханият саласына серпіліс әкелген еді.Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты жаңа жобаларды қамтыған жаңа мақаласы сол бағдарламаның заңды жалғасыретінде дер кезінде жария болды.
«Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деген тұжырым бәрімізді де ойлантуы керек-ақ.Қазіргі жаһандану дәуірінде біз өзіміздің қандай тариха,руханиқұндылықтарымызды қарсы қоя аламыз. Мәселенің мәнісі сонда.
Мақаланың әрбір тарауы тұнып тұрған терең ойға құрылған.Бұл мақала – біздің болашаққа бара жатқан жолымыздағы бағдаршам. Оңтайлы сәтте жарықкөрген бұл мақала – тарихи санамыздыжаңғыртуға, жастарды патриоттық сезімге баулуға, ұйықтап жатқан ойларымыздыоятуға серпін береді. СондықтанЕлбасы осы тұжырымдамасындаатап көрсеткенқұндылықтарды ел игілігіне исіндіру жолында күллі Қазақстан халқы бір атаныңбаласындай құлшына күш біріктіруге тиіспіз.
«Шымкент медресе» колледжі директоры; Т.Ш.Әсембай.