SAM 520

 SAM 520

Аудан әкімі Арман Абдуллаев қаладағы «Тұран» мейрамханасында ауыз бекіткен азаматтарға арнап ауызашар дастарханын жайды. Оған қала мен ауылдық округтерден ораза ұстаған ақсақалдар мен мекеме, ұйым қызметкерлері қатысты. Ауыз ашылып болған соң аудан имамы Асылхан қажы Данияров өмірден озған ата – баба әруақтарына арнап құран бағыштады. Мұнан кейін дастархан басында елдің ауызбірлігі мен ынтымақтастығы тақырыбында келелі әңгімелер өрбіді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберді Ағманұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Тоқсанбай Бердібеков, аудандық Қажылар қауымдастығының төрағасы Дәулет қажы Өзденбаев кеше ғана облыста өткен «Ырыс алды – ынтымақ» форумында өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың жастар арасында адамгершілік пен рухани құндылықтарды, салт – дәстүр мен әдеп – ғұрыптарды терең насихаттауға үндеген маңызды мәселелерін ортаға сала отырып, оны барша жұрт болып қолдап – қуаттауға шақырды.
Ауызашар кезінде аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері Қанат Дауылбаев имандылық туралы терме орындаса, Сәкен Бегманов пен Әділғазы Ибрагимовтер жарамазан айтысты.
Ауызашар соңында ақсақалдар қауымы сауапты іс атқарып отырған аудан басшысы Арман Айдарұлына алғыс айта отырып, әкімдік қызметіне табыстар тіледі. Мұнан соң жиналған жамағат жақында жаңадан іске қосылған «Әбу Мәнсұр әл – Матуриди» мешітіне барып, тарауих намазын оқыды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

 SAM 519

 SAM 520

 SAM 521

 SAM 522

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38