Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Абай ауданына қарасты «Айтбай ата Ақмешіт» мешітіне тәжірибелі, білімді Тәжібаев Есәлі Жәнібекұлы  бас имам болып тағайындалды.

Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, жамағатқа жаңа бас имамын таныстырды.

Тәжібаев Есәлі Жәнібекұлы

19.07.1991 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауыл округы, Жаңатіршілік ауылында  дүниеге келген. Жаңатіршілік ауылы, Т.Белгібаев атындағы №101 орта мектебін 2008 жылы бітірген.

Білімі:

2008-2011 жыл, Астана қаласы «Астана» медресесінде білім алған.

2011-2014 жыл, Алматы қаласы, «Нұр-Мубарак» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2014-2018 жыл, ОҚО Орталық мешітінде ұстаз қызметін атқарған.

2018 жылдың 24 қазанынан бастап «Айтбай ата Ақмешіт» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38