Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Еңбекші ауданына қарасты «Имам Ағзам» мешітіне тәжірибелі, білімді Бахытжанұлы Нұрлан бас имам болып тағайындалды.

Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Әділхат Сертай қатысып, жамағатқа жаңа бас имамын таныстырды.

Бахытжанұлы Нұрлан

22.02.1990 жылы Қытай Халық Республикасы Санжы облысы Морый ауданында дүниеге келген. 1997-2002 жыл ҚХР «Данангу» Орта мектебінде оқыған. 2002 жылы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, «Ақын Сара» ауылына көшіп келген. 2007 жылы Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы №27 орта  мектебін бітірген.

Білімі:

2007-2010 жыл, Астана қаласындағы «Астана» медресесін бітірген.

2010-2013 жыл, Алматы қаласы, «Нұр-Мубарак» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2013-2018 жыл, Шымкент қаласы Орталық мешітінде ұстаз қызметін атқарған.

2018 жылдың 24 қазанынан бастап «Имам Ағзам» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38