ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің жүлдесі үшін Шымкент қаласы «Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» ғимаратында V республикалық турнирге іріктеу ұйымдастырылды.

Ресми шараны өкіл имам орынбасарлары А.Керімбек, М.Естеміров, Б.Әміре арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Аталмыш іріктеу турниріне 11 түйе балуан бақ сынап, нәтижесінде 2 балуан арнайы жолдамаға Қ.Шамшиддинов, Ә.Бекқұлы балуандарымыз ие болды. Балуандарымызға ынталандыру мақсатында арнайы қаржылай сый-сияпат табысталды.

Іріктеу сайысын жергілікті «Айғақ», «ТВК» телеарналары арнайы ақпарат таратты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38