Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Бейбітшілік қабырғасы» монументі алдында әлемдік дəстүрлі дін қайраткерлері бір мезетте Құдайға сыйынып, дұға жасады.
Жиында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз дəстүрлі дін көшбасшыларын әлемдік татулық пен тыныштық, адамзаттың бірлігі мен бейбітшілігі үшін дұға жасауға үндеді.
Дін өкілдерінің мінəжаты бірнеше минутқа созылды. Осыдан кейін Бейбітшілік қабырғасының алып экранынан әлемдегі ең ірі апаттар, ядролық қару жарылыстары туралы видео көрсетілді.