Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің биік мақсаттарын ілгерілетуге белсене қатысқаны үшін» бірқатар діни басшылар марапатталды.

Марапатты Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38