Діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату керек. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Президенті білім радикализм идеяларының кез келген көріністеріне қарсы тұрақты иммунитеттің негізі саналатындығын баса айтты.
Бұған дейін Елбасы бейбітшілік идеяларын ілгерілетуде жаңа технологияларды пайдалану қажет екенін баса айтқан болатын.
Сондай-ақ, Президент дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақырулары қажет екенін атап өткен болатын.